locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

18 жасар Қалмырза пенальти қайтарып, қалай Чемпиондар лигасы тарихына енді?

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасы тарихына енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
18 жасар Қалмырза пенальти қайтарып, қалай Чемпиондар лигасы тарихына енді?
ФОТО: Getty images

Алматылық «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы дебюттік ойында тарихи жетістікке қол жеткізді. 21-минутта 18 жастағы қақпашы Педру Хюльмандтың пенальтиін қайтарып, Чемпиондар лигасы тарихында 11 метрлік соққыны тоқтатқан ең жас қақпашылардың бірі атанды.

Ойын өткен сәтте Шерханның жасы 18 жас 96 күн болды. Абсолютті рекорд «Бенфиканың» қақпашысы Миле Свиларға тиесілі: ол 2017/18 жылғы маусымда «Манчестер Юнайтедке» қарсы топтық кезең матчында (А. Марсьяльдың соққысын) 18 жас 65 күнінде қайтарған болатын.

Сонымен қатар, Шерхан Чемпиондар лигасында дебют жасаған ең жас қақпашылардың үздік үштігіне енді. Ол мадридтік «Реалдың» аңыз қақпашысы Икер Касильястың көрсеткішінен де озып, тарихқа өз атын алтын әріппен жазды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie