Лиссабондағы сәтсіздік: «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебюттік ойында «Спортингке» ірі есеппен есе жіберді
18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тарихи дебютін өткізді. Қарсылас – Португалия чемпионы лиссабондық «Спортинг» болды.
Матч қазақстандықтар үшін қиын басталды. 44-минутта Франсишку Тринкау есеп ашты. Екінші таймда алаң иелері толық үстемдікке ие болып, Тринкау дубль жасады (64), артынша Аллисон Сантос (66) пен Жовани Кенда (68) нәтижелі соққыларымен есепті 4:0-ге жеткізді.
Соған қарамастан, «Қайрат» өз тарихындағы алғашқы голын Чемпиондар лигасында соқты. 86-минутта Эдмилсон қарсыластың қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі - 4:1. Бұл доп клуб тарихына алтын әріппен жазылды.
Чемпиондар лигасы. 1-тур
«Спортинг» (Португалия) — «Қайрат» (Қазақстан) — 4:1 (1:0)
Голдар: Тринкау, 44 (1:0). Тринкау, 64 (2:0). Сантос, 66 (3:0). Кенда, 68 (4:0). Эдмилсон, 86 (4:1).
Келесі кездесуін «Қайрат» 30 қыркүйекте өз алаңында мадридтік «Реалға» қарсы өткізеді.