locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Калмырза УЕФА таңдаған аптаның үздік сейві номинанттары қатарына енді

Шерхан Қалмырзаның сейві Чемпиондар лигасының үздік 5 сәтінің қатарына енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Калмырза УЕФА таңдаған аптаның үздік сейві номинанттары қатарына енді
ФОТО: Getty images

УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы турындағы ең үздік сейвті анықтау үшін дауыс беру бастады. Үміткерлердің ішінде алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза да бар. Ол Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы ойында 11 метрлікті қайтарып, Еуропа жұртшылығының назарын аударды.

Дауыс беру УЕФА-ның Instagram парақшасында өтуде. Үздік бес сәттің қатарына енгендер тізімі төмендегідей.

• Шерхан Қалмырза («Қайрат»)
• Угурджан Чакыр («Галатасарай»)
• Жоау Виржиния («Спортинг»)
• Ник Поуп («Ньюкасл Юнайтед»)
• Ваня Милинкович-Савич («Наполи»)

Еске салсақ, топтық кезеңдегі дебюттік ойында «Қайрат» Лиссабонда «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберді. Алматылықтардың алғашқы тарихи голын Эдмилсон соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie