«Астана» мен «Елімайдың» Конференция лигасының іріктеуіндегі қарсыластары анықталды
Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті, онда «Астана» мен «Елімай» өз қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Елорда командасы іріктеу жарысын албандық «Динамо Сити» клубына қарсы матчтармен бастайды. Алғашқы кездесу Албанияда өтеді, ал қарымта ойын — «Астана-Аренада» ойналады.
Өз кезегінде, «Елімай» еурокубоктердегі дебютін армениялық «Алашкертке» қарсы өткізеді. Алғашқы матч қарсылас алаңында, қарымта кездесу Семейде өтеді.
Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 9 шілде (бірінші матч) және 16 шілде (қарымта матч) күндері өтеді. Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болған еді.
Жеребеге «Тобыл» қатысқан жоқ — Қостанайлықтар кубок иегері ретінде Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне бірден жолдама алды. Өз қарсыласын олар 17 маусымда біледі.
