locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мен сендерді сілейтіп тастаймын». «Елімай» - «Ордабасы» матчынан кейінгі төреші қорқытуының жазбасы жарияланды

Арман Исмуратов ойыннан кейін сөзін іріккен жоқ
«Мен сендерді сілейтіп тастаймын». «Елімай» - «Ордабасы» матчынан кейінгі төреші қорқытуының жазбасы жарияланды
ФОТО: КФФ

«Елімай» - «Ордабасы» (1:3) матчынан кейін төреші Арман Исмуратовтың айтқан сөздері жазылған видео жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жазбада Исмуратовтың трибуналар астындағы бөлмеде: «Тағы жарты маусым алда. Мен сендерді сілейтіп тастаймын», – деп анық айтқаны естіледі.

Бұған дейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович төрешінің «Ордабасы» матчынан кейін өзіне қатысты орынсыз сөздер айтқанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Исмуратов матчтан соң оған қоқан-лоққы көрсетіп, шымкенттік команданы қорлаған.

Айта кетейік, Семейдегі ойын шымкенттіктердің сенімді жеңісімен 3:1 есебімен аяқталды. Матч соңында алаң иелерінің ойыншысы Жан-Әли Пайруз Исмуратовтан тікелей қызыл қағаз алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie