locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» аукционда сатылды: клуб қаншаға бағаланды?

Шымкенттік клубты сату үшін қайта сауда өткізуге тура келді
«Ордабасы» аукционда сатылды: клуб қаншаға бағаланды?
ФОТО: «Ордабасы»

Ашық аукционға қойылған «Ордабасы» 16 маусымда жаңа иесін тапты. Шымкенттік клубтың 100% акциясы аукцион барысында сатылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Forbes.kz мәліметінше, жаңа иесі «Ордабасы» үшін шамамен 157 миллион теңгеге жуық қаржы төлейтін болады. Бастапқыда клубты 224,2 миллион теңгеге сатпақ болған, алайда 28 мамырда өткен алғашқы саудада ешкім өтінім бермегендіктен, акциялардың құны 67 миллион теңгеге төмендетілді.

Саудаға жалғыз қатысушының қатысуына рұқсат берілген және екінші аукционда шынымен де тек бір үміткер болды. Оның кім екені әзірге белгісіз, бірақ 2026 жылдың ақпанында Шымкент әкімі мен Integra Construction KZ компаниясының өкілі клубты жекеменшікке беру жөнінде меморандумға қол қойған болатын.

ФОТО: ФК Ордабасы
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie