locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сатпаевтің қоштасу матчы: «Қайрат» мәлімдеме жасады

17 маусымда вингер алматылық клубтағы соңғы кездесуін өткізеді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: КФФ

«Қайрат» футбол клубы Қазақстан жастар құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевтың қоштасу матчы туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Дастан Сатпаевтың «Қайрат» сапындағы қоштасу матчы – ертең! Біздің түлегімізді сары-қара жейдеде соңғы рет көру және оны жаңа мансап кезеңіне шығарып салу үшін мүмкіндік», – делінген клубтың жанкүйерлерге жолдауында.

Ертең, 17 маусым күні, алматылық клуб өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) кейінге қалдырылған 17-тур аясында қабылдайды.

Еске сала кетейік, лондондық клуб Сатпаевтың трансферін 2025 жылы ресми түрде жүзеге асырған болатын. Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, мәміле құны 3,5 миллион еуроны құрады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie