Here we go: «Манчестер Сити» аңызы «Реалмен» келісімшартқа отырды
Бернардо Силва «Манчестер Сити» сапында бірнеше жыл өткізіп, көптеген трофейлерге қол жеткізді, бірақ енді клубын ауыстыруға шешім қабылдап, болашағын нақты анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Беделді инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Силва ресми түрде мадридтік «Реалмен» келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін хабарланғандай, португалиялық жартылай қорғаушы екі жылдық келісімшартқа әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен келіскен.
Силваның жағдайы қалай?
Өткен маусымда Бернардо барлық турнирлерде «Ман Сити» құрамында 53 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берген.
31 жастағы португалиялық хавбек қазіргі клубында 2017 жылдан бері ойнап келеді, ал капитанның келісімі маусым айында аяқталып, ұзартылмаған еді.
Моуриньюдің екінші трансфері
Осы уақытта «Челси» қорғаушысы Марк Кукурелья ресми түрде «Реал» ойыншысы атанды. Лондондық клубтан Мадридке өткен сол жақ қорғаушының трансфері толықтай келісіліп, аяқталды. Тараптар алты жылға – 2032 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.