locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самородов Фарер аралдарымен болған матчтан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ұлттық құрамадан теріс айналмауға шақырды
ФОТО: amanvibe.kz
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
06.10.2026, Аяқт.
Қазақстан
2
Фарер аралдары
2

Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов УЕФА Ұлттар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында Фарер аралдарына қарсы өткен матчтың қорытындысын шығарды (2:2), деп хабарлайды Sports24.kz.

«Ойын ауыр болды, өкінішке қарай, тең түстік. Жеңіске жетуге тырыстық, бірақ олай болмады. Өкінішті, алайда бұл футбол — кез келген жағдай болуы мүмкін. Қарсылас ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін бірден допты бақылауда ұстап, шабуылды соңына дейін жеткізуге тырыстық. Өкінішке қарай, жеңіске жетуге сәл ғана нәрсе жетіспеді. Дегенмен есепті теңестіре алдық.

Бізді қолдауды тоқтатпаңыздар. Біз міндетті түрде жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Тек аздап уақыт қажет. Сабыр сақтаңыздар», - деді Самородов Астанадағы матчтан кейін.

Төрт турдан кейін екі ұпай жинаған Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орында қалды. Фарер аралдары мен Молдованың еншісінде 4 ұпайдан, ал Словакия құрамасының қоржынында 7 ұпай бар.

Қазақстан Ұлттар лигасындағы келесі матчын 13 қарашада сырт алаңда Молдова құрамасына қарсы өткізеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie