locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Магомед Әдиев «Локомотивті» жаттықтыруға дайын екенін мәлімдеп, Овчинниковтың тағайындалуын сынға алды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері мәскеулік клубтағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Футбол
Магомед Әдиев «Локомотивті» жаттықтыруға дайын екенін мәлімдеп, Овчинниковтың тағайындалуын сынға алды
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Әдиев Михаил Галактионов кеткеннен кейін және Сергей Овчинников тағайындалған соң мәскеулік «Локомотивтегі» жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sport Baza-ға берген сұхбатында маман бас бапкер қызметіне уақытша тағайындауларды қолдамайтынын айтты. Оның пікірінше, егер клуб басшылығы бапкерді қызметінен босату туралы шешім қабылдаса, оның орнына келетін лайықты маманды алдын ала дайындауы керек.

«Мен мұндай уақытша шешімдерге әрдайым қарсымын. Егер клуб бапкерді қызметінен босатуды ұйғарса, оның орнына лайықты кандидатураны алдын ала қарастыруы керек. Меніңше, уақытша тағайындау нәтижеге ешқашан оң әсер етпейді. Бірақ Овчинников «Локомотив» үшін бөтен адам емес, клубқа көп еңбек сіңірген жан. Бұл клуб пен жанкүйерлер үшін үлкен артықшылық», - деді Әдиев.

Сонымен қатар ресейлік маман «Локомотивтен» ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын екенін жасырмады. Әдиев командадағы бірнеше көшбасшының кетуі де, клубтың чемпионаттағы күрделі жағдайы да оны қаймықтырмайтынын атап өтті.

Еске салайық, Магомед Әдиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан 2024 жылға дейін жаттықтырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі плей-оффқа шықты. Алайда шешуші матчта Грекиядан 0:5 есебімен жеңілді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie