locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Ұлттар лигасында Фарер аралдарына қарсы жарқын камбэк жасады

Ван’т Схип командасы 0:2 есебінен кейін сандық басымдыққа ие болып, есепті теңестірді
ФОТО: КФФ
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
06.10.2026, Аяқт.
Қазақстан
2
Фарер аралдары
2

УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында Қазақстан және Фарер аралдары құрамалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астанадағы ойынға Джон ван’т Схип шәкірттері Ұлттар лигасының C дивизионындағы өз тобының соңғы орнында келді. Осыған байланысты ұлттық құрама жеңіске жетуі керек еді.

Алайда бірінші таймда алаң иелерінің жоспары жүзеге аспады. Фарер аралдары 22-минутта Петур Кнудсеннің голынан кейін алға шықты. Ал ойын уақытының бір сағаты өткен соң Геза Давид Тури Қазақстан құрамасының жағдайын қиындатып, қонақтардың басымдығын еселеді.

Қазақстан құрамасы 65-минутта Мартин Агнарссон алаңнан қуылғаннан кейін сандық басымдыққа ие болып, ойынға қайта оралды.

Арада үш минут өткенде Сергей Малы алыстан әдемі соққы жасап, матчтағы интриганы қайта жандандырды. Ал 76-минутта Нұралы Әліп есепті теңестірді.

Алаң иелері жеңісті жұлып әкететіндей көрінген. Алайда матч соңында Малы алаңнан қуылып, құрамалар санын теңестіріп, өз командасына кедергі келтірді.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы екі ұпаймен топтың соңғы орнында қалды. Фарер аралдары мен Молдовада 4 ұпайдан, ал Словакия құрамасының еншісінде 7 ұпай бар.

УЕФА Ұлттар лигасы. C дивизионы

4-тур

Қазақстан – Фарер аралдары 2:2

Голдар: Малы, 68, Әліп, 76 – Кнудсен, 22, Тури, 63

Қызыл қағаздар: Малы 85 – Агнарссон, 65

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie