Өзбекстанда Ресей құрамасымен қарымта матч өткізу жоспарлануда
Өзбекстан құрамасы Ресей құрамасымен жолдастық матчта қайта кездесуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығының ұлттық құрамалар бөлімінің басшысы Усман Тошев мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz Sport24-ке сілтеме жасап.
Функционердің айтуынша, Өзбекстан тарапы Ресей құрамаларымен түрлі деңгейде ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі. Атап айтқанда, 20 жасқа дейінгі әйелдер жастар құрамалары арасында матч өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Тошев ерлердің негізгі құрамалары арасында тағы бір кездесу ұйымдастыру жоспары бар екенін де растады. Сонымен қатар Азия кубогы өтпейтін болған соң, команданың күнтізбесін қайта қарауға тура келгенін атап өтті.
«Әрине, Өзбекстан мен Ресей құрамалары арасында жолдастық кездесулер өткізуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Азия кубогының өтпейтін болуы жоспарымызды өзгертті, сондықтан қазір күнтізбені қайта қарауға тура келеді. Барлық жоспарымыз бен күнтізбемізді қайта қараймыз. Бірақ Ресеймен ойнауды әрі қарай да жоспарлап отырмыз. Негізгі құрамаларымыздың қарымта матчы Ресей аумағында өтуі мүмкін», - деді Тошев.
Еске салайық, 12 қарашада Ресей құрамасы жолдастық матчта Өзбекстанды 3:2 есебімен жеңді. Кездесу Ташкенттегі «Пахтакор» стадионында өтті. Ресей құрамасы 0:2 есебімен ұтылып жатып, есепті теңестіріп, тоғыз минут ішінде Өзбекстаннан жеңісті жұлып алды.