locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Махачев GTA 6 туралы пікір білдіріп, компьютерін қалай лақтырып жібергенін айтты

UFC чемпионы бір кездері ойынға қатты әуестеніп кеткенін мойындады
ММА
Ислам Махачев GTA 6 туралы пікір білдіріп, компьютерін қалай лақтырып жібергенін айтты
ФОТО: Getty Images

Ресейлік файтер Ислам Махачев GTA 6-ның шығуы туралы сұрақтан кейін бейнеойындарға көзқарасы жайлы айтып берді. UFC чемпионы коронавирус пандемиясы кезінде компьютер алдында тым көп уақыт өткізіп, ақырында одан құтылғанын еске алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бейнеойындар жайлы әңгімеге танымал Grand Theft Auto сериясының жаңа бөлімі туралы сұрақ түрткі болды. Махачевтен GTA 6-ның шығуын бақылап жүр ме және компьютерлік ойындар ойнағанды ұната ма деп сұрады.

Жауап ретінде файтер коронавирус пандемиясы кезіндегі оқиғаны айтып берді. Оның сөзінше, карантин шектеулеріне байланысты үйден шығуға мүмкіндік болмағандықтан, сол кезде компьютер сатып алған.

«Компьютерге қатысты ащы тәжірибем болғанын айтып берейін. Карантин кезінде компьютер алдым, сыртқа шығатын жер де, айналысатын іс те болмады. Бір қарасам, бір ай бойы компьютер алдында тым көп уақыт өткізіппін. Рамазан айы басталды, пайдалы ештеңе істемедім. Рамазанның алғашқы күні бір айды босқа өткізгенімді түсіндім де, компьютерді алып, лақтырып жібердім. Қазір компьютерде балаларға пайдалы ештеңе жоқ деп ойлаймын», - деп Махачевтің сөзін келтіреді Red Corner MMA.

Еске салайық, GTA 6 2026 жылғы 19 қарашада PlayStation 5 және Xbox Series X/S платформаларында жарық көрді. Серияның жаңа бөлімі соңғы жылдардағы ең көп күткен ойын релиздерінің біріне айналды.

Қазақстанда GTA 6 ойынын қайдан сатып алуға болады, бағасы қанша және ол қандай платформаларда қолжетімді

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie