locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дархан Қызайбаев Сергей Малыйды Қазақстан құрамасындағы тарихи рекордымен құттықтады

Тәжірибелі қорғаушы ұлттық құрама сапындағы ойын саны бойынша рекорд орнатты
ФОТО: offside.kz
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
06.10.2026, Аяқт.
Қазақстан
2
Фарер аралдары
2

«Ордабасы» директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбаев команда капитаны Сергей Малыйды Қазақстан құрамасы сапындағы тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Малый Қазақстан құрамасы сапында өткізген матчтар саны бойынша жаңа рекорд орнатты (77 ойын). Ол Самат Смақовтың көрсеткішінен (76 ойын) асып түсті.

«Сергей Малыйды Қазақстан ұлттық құрамасы сапында матч өткізу бойынша тарихи рекорд орнатуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық құрама сапындағы 77 матч – үлкен жетістік. Көп жыл бойы ел намысын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсету – орасан зор еңбек, табандылық, тәртіп пен өз ісіне деген адалдықтың нәтижесі. Осы жылдар ішінде Сергей Қазақстан футболының дамуына елеулі үлес қосып, жас футболшыларға үлгі болды.

Сергейдің «Ордабасы» тарихында да алатын орны ерекше. Оның мінезі, мол тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері мен алаңдағы жауапкершілігі командамыз үшін аса маңызды. Клубтың жетістіктеріне қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Бұл тарихи рекордтың «Ордабасы» футболшысына тиесілі екені біз үшін үлкен мақтаныш.

Сергейге мықты денсаулық, отбасылық амандық және жаңа жетістіктер тілеймін. Алда бізді әлі талай бірлескен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін», – деп Дархан Еркінұлының сөзін «Ордабасы» баспасөз қызметі келтіреді.

Еске салайық, УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы матч нәтижелі тең есеппен (2:2) аяқталды.

Бұл матч Қазақстан құрамасы сапындағы 77-ойыны болған Малый кездесудің басты қаһармандарының біріне айналды. Қорғаушы Астанадағы матчта голдардың бірін соқты, алайда ойын соңында алаңнан қуылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie