locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» көшбасшысына Испания мен Германия клубтары қызығушылық танытуда

«Эльче» мен «Айнтрахт» Иван Башичке көз тігіп отыр
«Астана» көшбасшысына Испания мен Германия клубтары қызығушылық танытуда
ФОТО: Getty Images

«Астана» командасының көшбасшысы Иван Башич Испания мен Германия клубтарының назарында, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Журналист Анар Ибрагимовтың Telegram-арнасының мәліметінше, «Эльче» мен «Айнтрахт» Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысына қызығушылық білдіруде.

Сондай-ақ, «Астананың» хавбегін шотландиялық «Селтик» пен болгариялық «Левски» де бақылап жүр. Астана өз көшбасшы ойыншысынан 2-3 млн € көлемінде табыс түсіруді көздеп отыр.

Айта кетейік, Башич — 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан премьер-лигасының жалғыз өкілі. Ол мундиальда Босния және Герцеговина құрамасын таныстырады.

Биылғы маусымда 24 жастағы босниялық жартылай қорғаушы КФЛ-де елордалық команда сапында он ойын өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Айтпақшы, бұған дейін «Астана» «Миланның» бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie