locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Санжар Ташкенбай Қытайдағы Әлем кубогының финалына нокдаун арқылы шықты

Қазақстандық боксшы испандық Мартин Молина Сальвадорды тас-талқан етті
ФОТО: https://olympic.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Ташкенбай Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалына сенімді түрде шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жартылай финалда, 50 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Ташкенбайдың қарсыласы испаниялық Мартин Молина Сальвадор болды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері керемет өнер көрсетті, қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Санжар төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, Әлем кубогының «алтыны» үшін өзбек боксшысы Асильбек Жалиловпен жұдырықтасады. Үшінші раундта испаниялық боксшы нокдаунға түсті.

Айта кетейік, Ташкенбай — бокстан екі дүркін әлем чемпионы (2023 және 2025 жылдары), сондай-ақ Азия чемпионатының 2022 жылғы «алтын» жүлдегері.

Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде Әлем кубогының финалына шыққан болатын.

Еске сала кетейік, World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтуде. Бұл жарыста 44 елден келген шамамен 333 боксшы жүлделерге таласты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie