Португалия – ДР Конго. Басты құрамдар
Сәрсенбі, 17 маусым күні Португалия мен Конго Демократиялық Республикасының ұлттық құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турындағы матчты өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екі команда да К тобында өнер көрсетеді, олардың қарсыластары – Колумбия мен Өзбекстан құрамалары. "NRG Stadium" (Хьюстон, АҚШ) аренасындағы алғашқы ысқырық Қазақстан уақытымен 22:00-де естіледі. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Ұжымдардың бас бапкерлері ойынға арналған бастапқы құрамдарды жариялады. Португалия құрамасының басты жұлдызы Криштиану Роналду кездесуді негізгі құрамда бастайды.
Командалардың бастапқы құрамдары
Португалия: Кошта, Канселу, Араужу, Вейга, Мендеш, Невеш, Витинья, Бруну Фернандеш, Бернарду Силва, Педру Нету, Криштиану Роналду.
ДР Конго: Мпаси-Нзо, Ван-Биссака, Туанзебе, Капюади, Мбемба, Масуаку, Мукау, Мутуссами, Кайембе, Бакамбу, Висса.