Роналду ма? Португалияның әлем чемпионатындағы алғашқы голының авторы белгілі болды
Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізуде, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудегі есеп алтыншы минутта ашылды. Португалияның биылғы мундиальдағы алғашқы голының авторы жартылай қорғаушы Жоау Невеш атанды. Ол өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды.

Матч К тобында өтуде. Бұл топта Португалия мен Конго құрамаларынан бөлек Өзбекстан және Колумбия командалары да өнер көрсетеді. Аталған төрт құрама плей-офф жолдамалары үшін таласады.
Қазіргі уақытта кездесу жалғасып жатыр. Матчқа тікелей көрсетілім.
Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты Португалия капитаны Криштиану Роналду үшін мансабындағы алтыншы мундиаль болып отыр. Сондай-ақ 41 жастағы шабуылшы әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен алаң ойыншысы атанып, тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.