locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналдудың антирекорды әлем чемпионаты басталғаннан кейін де жалғасты

Роналду ірі турнирлерде қатарынан 10 матч бойы гол соға алмай жүр
Роналдудың антирекорды әлем чемпионаты басталғаннан кейін де жалғасты
ФОТО: Getty images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамалар арасындағы ірі турнирлердегі голсыз сериясын он матчқа дейін ұзартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлем чемпионаты-2026 топтық кезеңінің алғашқы турында Португалия құрамасы Конго Демократиялық Республикасымен 1:1 есебімен тең түсті. Кездесуде Роналду гол соға алмады және бірқатар статистикалық порталдардың бағалауы бойынша матчтың ең әлсіз ойыншыларының бірі атанды.

Португалиялық жұлдыздың голсыз сериясы 2022 жылғы әлем чемпионатында басталған. Оның ірі турнирлердегі соңғы голы Уругвай қақпасына соғылған болатын.

Осыдан кейін Роналду әлем чемпионатында Оңтүстік Корея, Швейцария және Марокко құрамаларына қарсы матчтарда мергендігімен көзге түсе алмады. Кейін бұл серия Еуро-2024 турнирінде де жалғасын тауып, Чехия, Түркия, Грузия, Словения және Франциямен кездесулерде де гол соққан жоқ.

Әлем чемпионаты-2026-ның алғашқы ойынында да шабуылшының сериясы үзілмеді. Осылайша, Роналду әлем чемпионаттары мен Еуропа чемпионаттарындағы қатарынан оныншы матчында голсыз қалды.

ФОТО: Getty images

Алда Португалия құрамасын топтық кезеңде Өзбекстан және Колумбия құрамаларына қарсы кездесулер күтіп тұр. Роналду дәл осы матчтарда ұзаққа созылған голсыз сериясын тоқтатуға мүмкіндік алады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie