locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Конго ДР Португалиядан ұпай тартып алды. ӘЧ-2026 матчының шолуы

Португалия әлем чемпионатын жеңіссіз бастады
Конго ДР Португалиядан ұпай тартып алды. ӘЧ-2026 матчының шолуы
ФОТО: Getty images

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Конго Демократиялық Республикасын жеңе алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу барысында португалиялықтар есепті ерте ашты. Ойынның алтыншы минутында Жоау Невеш мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында Йоан Висса таразы басын теңестірді.

Екінші таймда Португалия шабуылды үдетіп, жеңіс голын іздеді. Дегенмен Конго құрамасы қорғаныста сенімді ойнап, маңызды ұпайды сақтап қалды.

Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталып, Португалия әлем чемпионатын ұпай жоғалтумен бастады.

Назарларыңызға матчқа бейнешолу ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie