«Астана» атақты функционерді басшылыққа шақырып, кеткен басшының орнына лайықты адам тапты
«Астана» жуырда көп жылдық басшысы Қайсар Бекеновпен қош айтысқан еді, алайда оның орны ұзақ уақыт бос тұрмады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Елорда командасы Қазақстан футбол әлеміне жақсы танымал функционер Алтай Даумовты клубтың жаңа бас директоры етіп тағайындағанын жариялады:
«Алтай Алмасұлы футбол басқару саласында мол тәжірибеге ие. Әр жылдары ол Қазақстан футбол федерациясының құрылымында түрлі қызметтер атқарды, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына үміткер ретінде ұсынылған.
UEFA CFM (Certificate in Football Management) бағдарламасының дипломына ие. Қазақ спорт және туризм академиясында «Спорттық менеджмент» бағыты бойынша докторантураны тәмамдады. Алтай Алмасұлына жұмысына сәттілік, алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тілейміз!» – делінген «Астана» мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Бекеновтың кетуі елордалық клубтың жанкүйерлері арасында түрлі пікір тудырды.