locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» «Елимайды» жеңіп, маңызды жеңіске жетті

Ел чемпионымен арадағы айырмашылық ұлғайды
ФОТО: «Ордабасы»

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында сырт алаңда «Елимайды» тізе бүктірді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Семейлік команда кездесуді жақсы бастағанымен, есепті алғашқы болып шымкенттік қонақтар ашты. Лео Натэл 36-минутта гол соқты.

Екінші таймда Абагна хоккей стилінде допты қақпаға бағыттап, қонақтардың басымдығын еселей түсті. 84-минутта Березкин есеп айырмасын қысқартты, алайда алаң иелерінің бүгінгі ойыны бұдан әріге жетпеді. Ал «Ордабасы» тағы бір голмен жауап берді: Жасұлан Әмір кездесудің соңғы есебін белгіледі – 3:1.

Осылайша, «Ордабасы» елдің қазіргі чемпионы «Қайраттан» төрт ұпайға озды және бір ойын қорда бар. Теориялық тұрғыдан екі команданың арасындағы айырмашылық жеті ұпайға дейін артуы мүмкін.

ҚПЛ, 13-тур

«Елимай» – «Ордабасы» 1:3

Голдар: Березкин, 84 – Лео Натэл, 36, Абагна, 36, Жасұлан, 85

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie