Ресми: «Астана» бұрынғы «Милан» ойыншысымен келісімшарт жасады
Александр Меркель бір астаналық клубтан екіншісіне ауысты
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Астана
«Астана» «Милан» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркельмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Тәжірибелі футболшы астаналық ұжыммен шартқа құпия талаптармен қол қойды. Бұған дейін ол «Милан», «Дженоа», «Удинезе», «Уотфорд», «Хераклес» және басқа да бірқатар еуропалық клубтардың намысын қорғаған.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Астана» беделді функционерді басшылыққа шақырып, бұрынғы жетекшісінің орнын толтырды
34 жастағы Меркельдің соңғы клубы астаналық «Жеңіс» болып, бұл оның Қазақстандағы бар-жоғы екінші клубы атанды. Ал жалпы «Астана» оның кәсіби мансабындағы 16-шы команда болмақ.
«Жеңіс» сапында Меркель 14 матчта 707 минут алаңға шығып, бір ғана нәтижелі паспен көзге түсті.