locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси рекорд орнатып, Аргентинаны жеңіске жеткізді

Аргентина Мессидің хет-тригінің арқасында Алжирді ірі есеппен жеңді
ФОТО: Getty images

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. J тобындағы алғашқы тур матчында әлемнің қазіргі чемпиондары Алжирді 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің басты кейіпкері Аргентина капитаны Лионель Месси болды. Аңызға айналған шабуылшы хет-трик авторы атанып, 17, 60 және 76-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

2026 жылғы әлем чемпионаты. J тобы
Аргентина - Алжир - 3:0
Голдар:
Месси 17, 60, 76.

Осы жеңістің арқасында Аргентина алғашқы үш ұпайын еншілеп, топ көшбасына шықты.

Айта кетейік, бұл матч Месси үшін тарихи кездесу болды. 38 жастағы аргентиналық футболшы әлем чемпионатына алтыншы рет қатысып, мундиальдардағы гол санын 16-ға жеткізді. Осылайша ол Мирослав Клозенің рекордын қайталап, әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер қатарына қосылды.

Екінші турда Аргентина құрамасы Аустриямен кездеседі. Матч 22 маусымда өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie