locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ол шынымен Орталық Азиядан ба»: Қазақстанда Файзуллаевтың ойынына тәнті болды

Түркиялық «Башакшехир» клубының жартылай қорғаушысы — Өзбекстан құрамасының Әлем чемпионатындағы басты үміттерінің бірі
Эксклюзивтер
Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық футбол сарапшысы Искандер Серғалиев Sports24.kz Youtube-арнасындағы подкастта Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы өнеріне қатысты үміттерімен бөлісті.

Өзбекстан құрамасы К тобында Португалия, Конго Демократиялық Республикасы және Колумбиямен бірге сынға түседі. Өзбекстан құрамасының алғашқы матчы 17 маусым күні Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді, онда өзбек ұжымы Колумбиямен кездеседі. Кездесудің басталуы — Қазақстан уақыты бойынша 07:00.

Сарапшының айтуынша, өзбекстандық команда топтан үшінші орын алып, келесі кезеңге шығуға толық мүмкіндігі бар.

«Мен Өзбекстан құрамасының үшінші орын үшін күресіп, әрі қарай шығатынына сенемін. Өзбекстанда жарқыраған ойыншылар бар. Маған Аббосбек Файзуллаев ерекше әсер қалдырды, сондай бір әсемдікпен ойнайды, кейде ойлайсың: «Орталық Азиядан мұндай ойыншылар шыға ма екен!» Бұрын бізде қанатта осындай жарқын футболшылар болмаған», — деді Искандер Серғалиев.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасының мундиальдегі мүмкіндігі туралы өз пікірін белгілі қазақстандық футбол функционері әрі маман Булат Есмагамбетов білдірген еді.

Бұған дейін Sports24.kz редакциясы сіздерді өзбек командасының басты жұлдыздарымен, оның ішінде түркиялық «Башакшехир» клубының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаевпен таныстырған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie