Суперкомпьютер «Қайрат» пен «Сутьеска» арасындағы фаворитті атады
Алматылықтардың «Омонияға» шығу мүмкіндігі өте жоғары
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: «Кайрат»
«Қайрат» іріктеу кезеңін бірінші раундтағы черногориялық «Сутьескамен» матчтардан бастайды. Sports24.kz бұл қарсыласу туралы болжамды суперкомпьютерден сұрап білді.
FMD болжамына сәйкес, алматылықтар «Сутьескамен» кездесуде айқын фаворит саналады. «Қайраттың» келесі кезеңге шығу ықтималдығы — 77%, ал черногориялық команданың жеңіске жету мүмкіндігі небәрі 23%.
Алайда екінші іріктеу раундында қиындықтар туындауы мүмкін. Егер «Қайрат» «Сутьесканы» жеңсе, қарсыласы кипрлік «Омония» болады. Бұл жолы фаворит — кипрліктер: үшінші раундқа өту ықтималдығы 63%, ал алматылықтардың мүмкіндігі — 37%.
Еске салайық, «Қайрат» — «Сутьеска» матчтары 7/8 және 14/15 шілде күндері өтеді. Толық кестені кейінірек УЕФА жариялайды.