locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фото. Месси Зиданның ұлын әкесінің көз алдында тас-талқан етті

Зинедин Зидан ұлының әлем чемпионатындағы дебютін трибунадан тамашалады
Фото. Месси Зиданның ұлын әкесінің көз алдында тас-талқан етті
ФОТО: Getty images

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде өткен Аргентина мен Алжир матчын француз футболының аңызы Зинедин Зидан да трибунадан бақылап отырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Франция құрамасының бұрынғы көшбасшысы және әлем чемпионы стадионға ұлы Люка Зиданның әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын көру үшін келген.

Алжир құрамасының қақпашысы Люка Зидан мундиальдағы дебюттік кездесуін Аргентинаға қарсы өткізді. Алайда әлем чемпиондарына қарсы ойында оның командасы қиын сынаққа тап болды.

Кездесудің басты кейіпкері Лионель Месси атанып, хет-трик жасап, Аргентина құрамасына 3:0 есебімен сенімді жеңіс сыйлады.

Көрсетілім барысында режиссерлер бірнеше мәрте Зинедин Зиданның реакциясын көрсетіп отырды. Аңыз футболшы ұлының тарихи ойынын мұқият бақылап, әр сәтті жібермей қадағалады.

Айта кетейік, бұл матчта үш гол соққан Месси әлем чемпионаттарындағы гол санын 16-ға жеткізіп, Мирослав Клозенің тарихи рекордын қайталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie