Аргентина – Алжир. Онлайн көру
17 маусым таңында қазіргі әлем чемпиондары мундиальдағы жолын бастайды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
17 маусым таңында Аргентина мен Алжир құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл командалар J тобында өнер көрсетеді, ал олардың топтағы қарсыластары — Австрия мен Иордания құрамалары.
Ойын АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед Стэдиум» стадионында өтеді. Қарсыласу 06:00-де (Қазақстан уақыты бойынша) басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатындағы триумфтен кейін қазіргі әлем чемпионы саналады.