Фото. Месси алтыншы әлем чемпионатында қалай гол соқты
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің алғашқы турында Алжирмен кездесуде, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтағы есеп 17-минутта ашылды. Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси дәл соққымен көзге түсіп, әлемнің қазіргі чемпиондарын алға шығарды - 1:0. Матчқа тікелей көрсетілім.

Бұл гол Месси үшін әлем чемпионаттарындағы 14-ші гол болды. Осы көрсеткіш бойынша аргентиналық шабуылшы Герд Мюллер мен Килиан Мбаппеге теңесті. Ал мундиальдарда бұдан көп гол соққан тек бразилиялық Роналдо (15) мен турнир рекордшысы Мирослав Клозе (16) ғана.
39 жастағы Месси үшін бұл әлем чемпионаты карьерасындағы алтыншы мундиаль болып отыр. Осылайша ол әлем чемпионаттарына ең көп қатысқан футболшы атанды.
Айта кетейік, Месси 2022 жылы Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған болатын. Сол финалда аргентиналықтар Францияны пенальти сериясында жеңіп, көптен күткен алтын жүлдені иеленді.