locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лиссабон алаңдаулы: «Спортинг» «Қайратпен» ойын алдында негізгі ойыншыларынан айырылды

«Спортингтің» бірқатар жетекші ойыншылары қатардан шықты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Лиссабон алаңдаулы: «Спортинг» «Қайратпен» ойын алдында негізгі ойыншыларынан айырылды
ФОТО: ФК Қайрат

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алғашқы туры алдында Лиссабонның «Спортингі» маңызды кадрлық қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бас бапкер енді қанат шабуылшысы Нуну Сантушқа, жартылай қорғаушылар Даниэль Браганса мен Хидэмаса Моритаға, сондай-ақ қорғаушы Усман Дьомандеге және шабуылшы Жени Катамуға сенім арта алмайды. Сонымен қатар негізгі қақпашы Руи Силваның алаңға шығуы да күмән тудырып отыр. Бұл алдағы кездесуде күштердің тепе-теңдігіне елеулі әсер етуі мүмкін.

Ал осы уақытта «Қайрат» Лиссабонға жолға шықты. Алматылықтар Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын сонда өткізеді. «Спортингпен» матч 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді, басталуы – Қазақстан уақытымен 00:00-де.

Келесі ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді: «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie