locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аңыз: Криштиану Роналду әлем чемпионаттарының керемет рекордын бағындырды

КриРо әлем чемпионаты матчында негізгі құрамда алаңға шыққан ең жасы үлкен алаң ойыншысы болды
Аңыз: Криштиану Роналду әлем чемпионаттарының керемет рекордын бағындырды
ФОТО: Getty Images

Португалия құрамасының аңызы Криштиану Роналду әлем чемпионаттарының керемет рекордын бағындырды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Португалия құрамасының басты жұлдызы ЧМ-2026 топтық кезеңінің 1-турындағы ДР Конгоға қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықты. 41 жас 132 күнінде Роналду әлем чемпионаты тарихында старттық құрамда шыққан ең жасы үлкен алаң ойыншысы атанды.

Айта кетейік, Португалия мен ДР Конго К тобының құрамында, бұл топта олардың қарсыластары – Колумбия және Өзбекстан құрамалары. «Эн-Эр-Джи Стэдиум» (Хьюстон, АҚШ) аренасында старттық ысқырық Қазақстан уақытымен 22:00-де беріледі.

Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында қолжетімді болатынын атап өтеміз. Старттық құрамдарды осында таба аласыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie