locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жүсіповтің жеңісі мен Аққалықовтың даулы жеңілісі: Қазақстан үшін Әлем кубогының үшінші күні қалай өтті

Қазақстан құрамасы Әлем кубогының үшінші жарыс күнін бір жеңіс және екі жеңіліспен аяқтады
ФОТО: KBF

Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңіндегі кезекті жарыс күнін өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Күннің ең тартысты жекпе-жектерінің бірі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықовтың қатысуымен өтті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қарсыласқа берді. Екінші раундта рефери Аққалықовқа нокдаун санады. Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы төрешілер шешіміне көңілі толмағанын ишарамен көрсетті.

Бұл жарыс күні Серік Теміржанов үшін де сәтсіз аяқталды. 60 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалдық кездесуде ол америкалық Салим Эллис-Бейге төрешілердің бірауызды шешімімен 0:5 есебімен жол берді.

Ал Қазақстан құрамасына жалғыз жеңісті Абылайхан Жүсіпов сыйлады. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы 1/8 финалда бразилиялық Кайан Рейсті 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Осылайша, жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі боксшысынан айырылды. Дегенмен Абылайхан Жүсіповтің жеңісі командаға медаль үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie