locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кейн әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша Роналдудан озып кетті

Ағылшын шабуылшысы 12 матчта тоғызыншы голын соқты
Кейн әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша Роналдудан озып кетті
ФОТО: Getty Images

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн футбол тарихын қайта жазуды жалғастыруда, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлем чемпионатындағы Англия мен Хорватия арасындағы матчтың алғашқы минуттары жанкүйерлерге нағыз футболдық драма сыйлады.

9-минутта Лука Модрич айып алаңында Нони Мадуэкеге қарсы ереже бұзып, төреші Клеман Тюрпен пенальти белгілеуден басқа амал қалдырмады. Англия шабуылшысы Харри Кейн допқа жақындап, пенальти орындады, бірақ бірінші мүмкіндігінде Доминик Ливаковичті қапы қалдыра алмады.

Алайда төреші Клеман Тюрпен тағы да араласты. VAR-ды қараған соң, Хорватия қақпашысы соққы сәтінде қақпа сызығынан шығып кеткені анықталып, пенальти қайта орындалды. Екінші мүмкіндікте Кейн қателеспей, Англияны алға шығарды.

Ал бірінші тайм соңында Кейн дубль авторы атанды. Ағылшын шабуылшысы бір таймда әлем чемпионаттарындағы өзінің тоғызыншы және оныншы голдарын соғып, мундиальдегі голдар саны бойынша Криштиану Роналдудан озды. Португалия жұлдызының еншісінде әлем чемпионатында сегіз дәл соққы қалған.

Сонымен қатар, Stats Foot дерегінше, бұл матч Кейн үшін Англия құрамасындағы 115-матч болды. Осы ойын арқылы Гарри аңызға айналған жартылай қорғаушы Стивен Джеррардты (114 матч) басып озып, Англия сапындағы ойын саны жөнінен Дэвид Бекхэммен теңесті.

Ағылшын шабуылшысының мұнымен де жетістіктері шектелмейді. Енді Кейн әлем чемпионаттары тарихында (матч соңындағы пенальти серияларын қоспағанда) ең көп пенальти соққан ойыншы атанды (5).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie