locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фото. Роналду ӘЧ-2026 басталар алдында мінсіз бабын көрсетті

41 жастағы Роналду ӘЧ-2026 қарсаңында керемет физикалық дайындығымен тәнті етті
Фото. Роналду ӘЧ-2026 басталар алдында мінсіз бабын көрсетті
ФОТО: Getty images

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен жанкүйерлер назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sports24.kz.

41 жастағы шабуылшы жалаңаш денесі көрінетін фотосын жариялап, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матч қарсаңында тамаша спорттық бабында екенін көрсетті.

Бұған дейін Роналду қазіргі Португалия құрамасының әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізуге әлеуеті жететінін айтқан болатын. Оның сөзінше, команда турнирдің басты жүлдесі үшін күресуге ниетті.

Португалия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 17 маусым күні Конгоға қарсы өткізеді. Одан кейін Роберто Мартинес шәкірттері 23 маусымда Өзбекстанмен, ал 28 маусымда Колумбиямен кездеседі. Аталған құрамалардың барлығы К тобында өнер көрсетеді.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет финалдық кезеңге 48 құрама қатысуда. Қазіргі әлем чемпионы - 2022 жылы Катарда өткен мундиальда жеңіске жеткен Аргентина құрамасы. Биылғы әлем чемпионатының финалы 20 шілдеде өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie