Англия – Хорватия. Онлайн көру
Англия мен Хорватия әлем чемпионатындағы алғашқы матчтарын өткізеді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
18 маусымға қараған түні Англия мен Хорватия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу L тобында өтеді. Бұл топта аталған құрамалардан бөлек Гана мен Панама да өнер көрсетеді.
Әлем чемпионаты қарсаңында Англия құрамасы жолдастық кездесулерде Жаңа Зеландияны 1:0, Коста-Риканы 3:0 есебімен жеңді.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Ал хорваттар Бельгиядан 0:2 есебімен жеңіліп, кейін Словенияны 2:1 есебімен ұтты.
Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады. Англия - Хорватия матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.