Месси Алжирге қарсы матчта әкесінің денсаулығына байланысты көз жасына ерік берді
Аргентина құрамасының аңыз шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матч барысында эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Журналист Эдуардо Файнманның айтуынша, Мессидің кеше Алжирге қарсы ойында жылауына оның әкесінің денсаулығына қатысты қиын жағдай себеп болған.
Мәлім болғандай, Лионельдің әкесі Хорхе Месси өте ауыр халде жатыр, әрі әлем чемпионаты басталардан бірнеше күн бұрын оның жағдайы одан сайын нашарлаған.
Бұл жағдай Леоны қатты толқытты, дегенмен ол өз-өзін қолға алып, алаңға шығып, тарихи хет-трик жасап, керемет ойын көрсетті. Голдарын соққан соң эмоциясына ерік беріп, көз жасын тия алмады.
Алжир қақпасына үш дәл соққы жасағаннан кейін Месси Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде Мирослав Клоземен теңесті.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі келесі ойынын 22 маусымда Австрияға қарсы өткізеді.