locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қызылжар» - «Қайрат». Онлайн көру

«Қызылжар» мен «Қайрат» 3:0 есебіндегі матчтан кейін қайта кездеседі
«Қызылжар» - «Қайрат». Онлайн көру
ФОТО: kazfootball

21 маусым күні Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясында петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Командалар бұл кездесуге жақында ғана өткен өзара матчтан кейін келіп отыр. ҚПЛ-дің кейінге шегерілген 17-тур ойынында «Қайрат» қарсыласын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңген еді. Бұл матч алматылық клуб үшін ерекше болды, өйткені команда өз түлегі Дастан Сәтпаевты Лондонның «Челси» клубына шығарып салды. Жас шабуылшы «Қайрат» сапындағы соңғы ойынында дубль авторы атанған болатын.

  • Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді

13 тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 30 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. Ал «Қызылжар» 15 ұпай жинап, 11-орында орналасқан.

Матч 18:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан және KFF League YouTube-арнасынан көрсетіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie