locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Франция төрт сағатқа созылған матчтан кейін плей-оффқа шықты

Франция Иракты ойсырата жеңіп, ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шықты
ФОТО: Getty images

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

I топтың екінші турында француздар Ирак құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Филадельфияда өткен кездесу қатты жаңбыр мен найзағай салдарынан ұзақ уақытқа тоқтатылып, матчтың жалпы ұзақтығы төрт сағатқа жуықтады.

Әлем чемпионаты-2026. I топ. 2-тур
Франция - Ирак - 3:0
Голдар:
Мбаппе 14’, 54’, Дембеле 66’

Осы жеңістен кейін Дидье Дешам шәкірттері алты ұпай жинап, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе бұл матчта дубль авторы атанып, әлем чемпионаттарындағы гол санын 16-ға жеткізді. Осылайша француз шабуылшысы Мирослав Клозенің көрсеткішін қайталап, Лионель Мессидің рекордынан небәрі екі голға қалып тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie