Жумашев Тобылдың Еурокубоктағы болашақ қарсыласын бағалады
Қостанайлық «Тобылдың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Жаслан Жумашев Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында УЕФА Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жеребе нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» Литваның Паневежис қаласынан келген «Паневежис» клубымен кездеседі.
«Қарсылас туралы көп білмеймін, бірақ литвалық клуб та біз сияқты ішкі чемпионатта белгілі бір қиындықтар көріп жатқанын түсінемін. Дегенмен, еурокубоктарда әлсіз команда болмайды, бәрі ойнай алады және қорғаныста сауатты әрекет етеді. Ең бастысы, өз ойынымызға сүйеніп, қарсыласқа өз ережемізді таңуымыз маңызды деп есептеймін. Біз үшін артықшылығы — қарымта кездесу сырт алаңда өтеді, бұл бізге белгілі бір деңгейде басымдық береді», – деді Жаслан Жумашев.
Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңінің матчтары 23 және 30 шілдеде өтеді. Қостанай командасы алғашқы ойынын сырт алаңда өткізсе, қарымта матч Қостанайда өтеді.

Айта кетерлігі, Литва чемпионатының турнирлік кестесінде «Паневежис» 18 турдан кейін жетінші орында тұр. Беделді Transfermarkt порталы «Тобылдың» болашақ қарсыласының құрамын 5 миллион еуроға бағалайды. Ал «Тобыл» өз кезегінде 13-орында, 12 ұпай жинаған.