ФИФА Аргентина – Алжир матчіндегі Мессиге қатысты эпизодқа байланысты мәлімдеме жасады
ФИФА төрешілер корпусының басшысы Пьерлуиджи Коллина Аргентина — Алжир (3:0) матчының төрешісі Шимон Марчиняктың Лионель Месси ереже бұзған сәтіндегі шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтарды төрешілермен бірге талдау барысында Коллина польяк төрешінің аргентиналық ойыншыға ешқандай карточка көрсетпей, тек айып соққысын тағайындау туралы шешімін қолдады. ФИФА-ның пікірінше, Мессидің бұл фолы «violent conduct» (агрессивті мінез-құлық) немесе «serious foul play» (ойын ережесін өрескел бұзу) санатына жатпайды.
Мессидің бутсасының шиптері Айсса Мандидің балтырына тиді деген факт аргентиналыққа қандай да бір карточка көрсету үшін жеткіліксіз деп есептеді ФИФА.
Айта кетейік, бұл эпизод төрешілер қауымдастығы мен жалпы футбол әлемін екіге бөлді. Көпшілік Марчиняк Мессиді 31-минутта алаңнан қууы керек еді деп санайды, ал қарсы тарап поляк төрешінің шешімін дұрыс деп біледі.