Мануэль Нойер мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Германия құрамасындағы аңызға айналған Мануэль Нойер дәуірі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sports24.kz.
Белгілі болғандай, «Бавария» мен Германия құрамасының 40 жастағы қақпашысы қазіргі әлем чемпионатынан кейін халықаралық мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.
Нойер өз аузымен бұл әлем чемпионатынан кейін Германия құрамасында енді ойнамайтынын мәлімдеді, сондықтан жанкүйерлер оның есімін «Die Mannschaft» сапында Еуро-2028-де күтпеуі керек.
«Бұл – Германия құрамасындағы менің соңғы турнирім болады. Екі жылдан кейінгі Еуропа чемпионатына қатысуды жоспарламаймын. Әрбір матчты асыға күтіп, қоштасу немесе бұл соңғы ойыным бола ма деп ойлағым келмейді», — деді Нойер.
Нойер Германия құрамасында 2009 жылы дебют жасады. Ол «Die Mannschaft» сапында 125 матч өткізіп, 119 гол жіберіп алды және 50 ойында қақпасын құрғақ ұстады. Бұған дейін тәжірибелі қақпашы құрамадан кеткен болатын, бірақ бас бапкердің сұрауымен 2026 жылғы әлем чемпионатына оралды.
Германия құрамасы мундиальді Кабо-Вердені ойсырата жеңумен бастады – есеп 7:1. 21 маусымға қараған түні Бундестим Кот-д’Ивуарға қарсы алаңға шығады.