locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: «Ливерпуль» жазғы трансфер кезеңіндегі алғашқы келісімді аяқтады

Мерсисайдтықтар «Осасуна» вингері Виктор Муньоспен келісімшартқа отырды
ФОТО: Getty Images

«Ливерпуль» жазғы трансфер кезеңіндегі алғашқы келісімді ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 маусымда «Ливерпульдің» X-тегі ресми парақшасында клубтың «Осасуна» командасының 23 жастағы вингері Виктор Муньоспен келісімшартқа қол қойғаны жарияланды.

Хабарламаға сәйкес, «Ливерпуль» Муньос үшін 40 миллион еуро төледі, оның 20 миллионы футболшыны тәрбиелеген және оның құқықтарының 50 пайызына ие мадридтік «Реалға» берілді.

Испаниялық футболшының «қызылдармен» келісімшарты 2030 жылға дейін есептелген, енді оған Англияда жұмыс істеуге рұқсат алу ғана қалды.

Биылғы маусымда Муньос «Осасуна» сапында 37 матч өткізіп, 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Оның «Осасунамен» қазіргі келісімшарты 2030 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt деректері бойынша нарықтық құны 30 миллион еуроға бағаланады.

Дарынды футболшы Испания ұлттық құрамасының сапында екі ойын өткізіп, бір гол соққан. Ол «қызыл фурияның» 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын құрамына енген.

Айта кетейік, бұған дейін «Реал» ресми түрде «Ливерпуль» қорғаушысымен келісімшартқа отырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie