locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» бапкері Сатпаевтың алаңға оралатынын хабарлады

Дастан 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы ойынға қатыса алады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Бернли»

Ағылшынның «Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен Дастан Сатпаевтың алаңға жақын арада оралатынын хабарлады, деп жазады Sports24.kz.

«Бордолылар» командасының бапкерінің айтуынша, ұлттық құрамалар ойындарына байланысты үзілістен кейін бірнеше футболшы, соның ішінде Дастан да, толыққанды сапқа оралуы тиіс. Олар 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы Чемпионшип матчына қатыса алады деп күтілуде.

«Джош Каллен командаға жақын болады, Дастан Сатпаев та оралып жатыр, бұл бізге көбірек мүмкіндік береді.

Осы екі ойында Дастанның қаншалықты маңызды болғанын бәрі біледі. Сондықтан осы ойыншыларға қайтадан сенім арта алатынымыз маңызды болады», - деп келтіреді Хайеннің сөзін Burnley Express.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының шабуылы «Челсиден» маусым соңына дейін жалға алу негізінде «Бернли» сапында өнер көрсетіп жүр. Қазіргі таңда шабуылшы жарақатынан айығу үстінде.

Дастан 3 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы матчта жамбастың артқы бұлшықетінен жарақат алып, саптан шықты. Қазақстан құрамасының шабуылшысы оңалтудан «Челси» базасында өтті. Жарақатына байланысты Сатпаев қыркүйек-қазанда Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының барлық матчына қатыса алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сатпаевты Криштиану Роналду, Килиан Мбаппе және Джуд Беллингемнен жоғары қойған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie