Махмуд Сабырхан Азия ойындарында екі нокдаун жасап, жартылай финалға шықты
Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
55 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалға шығу жолындағы жекпе-жекте оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Шин Джэ Ён болды.
Бірінші раундтың соңына қарай төреші Шинге нокдаун есептеді, алайда ол кейіннен тіркелмеді. Соған қарамастан төрешілер бұл раундта 4:1 есебімен Махмуд Сабырханды жеңімпаз деп таныды.
Екінші раундта төрешілердің есептеуінде Сабырхан 2:3 есебімен ұтылды. Үшінші раундта Махмуд қарсыласын тағы да нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде жекпе-жек 3:1 есебімен Махмуд Сабырханның пайдасына аяқталды.
Жартылай финалға шығу Сабырханға 2026 жылғы Азия ойындарының кем дегенде қола жүлдесін кепілдеді.
Бұған дейін Махмудтың ағасы Төрехан Сабырхан да 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шыққан болатын.