2026 жылғы әлемдегі ең ықпалды футбол агенттері
Әлемдік футбол жұлдыздарының мүддесін кім білдіреді және ең ірі трансферлерге кім әсер етеді
2026 жылғы әлемдегі ең ықпалды футбол агенттері/Сурет: Magnific
Футболы агенті – бұл келіссөздерде ойыншының мүддесін қорғайтын адам. Бүгін біз 2026 жылы беделді CIES рейтингінде компаниялары көш бастап тұрған осы мамандықтың үздік өкілдері туралы айтамыз.
Леон Ангел және Фрэнк Тримболи (CAA Base)
Фрэнк Тримболи мен Леон Ангел – Еуропадағы ең ірі спорттық агенттіктердің бірі CAA Base негізін қалаушылар. Белгілі клиенттері:
- Коул Палмер (Англия, «Челси»);
- Мойсес Кайседо (Эквадор, «Челси»);
- Эберечи Эзе (Англия, «Арсенал»);
- Кингсли Коман (Франция, «Аль-Наср»);
- Карло Анчелотти (Италия, Бразилия құрамасы).
Дэвид Манассе (CAA Stellar)
Дэвид Манассе – Англия мен Еуропаның футбол нарығында елеулі рөл атқаратын CAA Stellar агенттігінің тең құрылтайшысы. Белгілі шәкірттері (қамқорлығындағылары):
- Джек Грилиш (Англия, «Манчестер Сити», «Эвертонға» жалға берілген);
- Ибраима Конате (Франция, «Реал»);
- Эллиот Андерсон (Англия, «Манчестер Сити»);
- Омар Мармуш (Египет, «Манчестер Сити», «Тоттенхэмге» жалға берілген);
- Фермин Лопес (Испания, «Барселона»).
Жорже Мендеш (GestiFute)
Жорже Мендеш – португалиялық футбол агенті, біздің ойымызша, бүгінгі таңдағы ең ықпалдысы. Оның GestiFute компаниясы Криштиану Роналду және Жозе Моуриньомен ынтымақтастығымен танымал. Ол мүддесін білдіретін ойыншылардың қатарында:
- Ламин Ямаль (Испания, «Барселона»);
- Витинья (Португалия, «ПСЖ»);
- Жоао Невеш (Португалия, «ПСЖ»);
- Педро Нету (Португалия, «Челси»);
- Рубен Диаш (Португалия, «Манчестер Сити»).