Чесноков Дастан Сатпаевқа «Челсида» қалай ойнау керектігі жөнінде кеңес берді
«Крылья Советов» қанат ойыншысы Ислам Чесноков Дастан Сатпаевқа Лондонның «Челси» клубында қалай ойнау керектігі жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Сатпаевқа қандай кеңес берер едім? Алдыңғы сұхбатымда айтқанымдай, Дастан ең алдымен психологиялық тұрғыдан нығаюы керек. Сонда бәрі жақсы болады. Мен оған сенемін, ол – жақсы футболшы. Оның «Челсиде» ойнайтынына сенімдімін», – деп Чесноковтың сөзін Birinshibol. келтіреді.
Еске сала кетейік, Сатпаев маусым соңына дейін «Челсиден» жалға алу құқығымен «Бернли» сапында өнер көрсетіп жүр. Қазіргі уақытта шабуылшы жарақатынан айығып келеді.
Сатпаев Чемпионшиптегі «Мидлсброға» қарсы матчта жарақат алды. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Шабуылшы алаңға негізгі құрамда шыққанымен, 80-минутта жамбастың артқы бөлігіндегі жайсыздыққа байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Бұған дейін Сатпаевтың жарақатынан кейін алаңға оралу мерзімі белгілі болған еді.