locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Миланның» бұрынғы ойыншысы Сәтпаевтың болашағын бағалады

Александр Меркель Дастанның Англияға ауысуына жоғары баға берді
«Миланның» бұрынғы ойыншысы Сәтпаевтың болашағын бағалады
ФОТО: instagram.com/alexandr.merkel/

«Милан» және Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ағылшындық «Бернли» клубына ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Меркель Сәтпаевтың әлеуеті жоғары екенін жақсы білетінін айтып, оның шетелге аттануы дұрыс қадам екенін атап өтті.

«Ол бұл тәжірибеден өтсін. Ата-анасынан жыраққа, басқа елге кетті, жаңа тіл үйренеді, жақсы тәжірибе жинайды. Не болса да, ол Қазақстанға қайта орала алады. Бірақ ол әлемге Қазақстанда өте мықты футболшылар бар екенін көрсете алады. Сондықтан менің ойымша, бұл – дұрыс қадам», – деді Александр Changan Podcast бағдарламасында.

2014 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында «Астананың» жартылай қорғаушысы «Уотфорд» сапында өнер көрсеткен. Сондықтан ол Дастан Сәтпаев қазір «Бернли» құрамында ойнап жүрген Чемпионшипте өнер көрсетудің қандай екенін жақсы біледі.

«Чемпионшипте күрес өте көп. Онда аяқтан тебетін футболшылар ойнайды. Қазір VAR бар болғаны жақсы. Мен ойнаған кезде ол болған жоқ. Ағылшындардың бойы бір метр тоқсан сегіз сантиметр, артыңнан теуіп жібереді, ал сен ештеңе істей алмайсың. Шынымды айтсам, ауырады. Ал төреші ештеңе демейді», – деді Меркель.

Қазіргі таңда Александр Меркель елордалық «Астананың» намысын қорғап жүр. Бұған дейін ол «Милан», «Дженоа», «Удинезе», «Уотфорд», «Хераклес» және басқа да еуропалық клубтарда ойнаған. «Астана» футболшының мансабындағы 16-шы команда атанды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie