ВИДЕО: Тоқаев Сәтпаевты Роналду, Мбаппе және Беллингемнен жоғары қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бернли» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың талантына үлкен құрметпен қарайтынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Мемлекет басшысы Астанадағы саябақта серуендеп, жас футболшылармен әңгімелесті. «Сендердің кумирлерің кім?» деген сұраққа балалар: «Мбаппе, Роналду, Беллингем» деп жауап берді.
Ал Тоқаев өз кумирі 18 жастағы Сәтпаев екенін айтып, оларға жауап қатты.
«Бізде Дастан Сәтпаев бар, ол өте талантты жігіт», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев жас футболшылармен кездесуде.
Еске салайық, Сәтпаев осы маусымның соңына дейін «Челсиден» жалға алынған ойыншы ретінде «Бернли» сапында өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта қазақстандық талантты шабуылшы «Мидлсбромен» өткен Чемпионшип матчында алған санның артқы бұлшықетіндегі жарақатынан айығып жатыр.
Жаңа команда құрамында Қазақстан құрамасының талантты ойыншысы төрт матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Бұған дейін Дастанның жарақатынан кейін алаңға оралу мерзімі белгілі болған еді.