locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нұрбек Оралбай Азиада-2026 ойындарындағы өнер көрсетуін аяқтады

90 келіге дейінгі салмақтағы боксшы жартылай финалға шыға алмады
Нұрбек Оралбай Азиада-2026 ойындарындағы өнер көрсетуін аяқтады
ФОТО: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында Өзбекстан өкілі Турарбек Хабибуллаевтан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Өзбекстандық боксшы бірінші раундта 5:0 есебімен сенімді түрде басым түсті. Екінші үш минуттықта төрешілер Нұрбек Оралбайдың пайдасына шешім шығарды — 3:2.

Алайда бұл қорытынды жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды. Турарбек жекпе-жекті төрешілердің шешімімен 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Оралбай Азиададағы өнерін жүлдесіз аяқтады.

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта үлкен жетістіктерге жеткен. Дәл осы салмақта ол Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Одан кейін қазақстандық боксшы алдымен Азия чемпионатында 85 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, жеңімпаз атанды. Кейін 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысты.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Ауғанстан өкілі Силаб Ноориді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie