locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаевсыз ойнаған «Бернли» соңғы минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстандық футболшы жарақатынан айығуын жалғастырып жатыр. Ол Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына да қатыспайды
Дастан Сәтпаевсыз ойнаған «Бернли» соңғы минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
19.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Дерби Каунти
1

«Бернли» Чемпионшипте кезекті рет жеңіске жете алмады. Сегізінші турда Дастан Сәтпаевтың командасы өз алаңында «Дерби Каунтиді» қабылдап, қосымша уақытта жеңісті уысынан шығарып алды - 1:1, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері 34-минутта есеп ашты. Лукас Пирес шабуылға қосылып, Зеки Амдуниге пас шығарды. Ол мүмкіндігін мүлт жібермей, «Бернлиді» алға шығарды. Команда осы басымдығын финалдық ысқырыққа дейін сақтап қалуға жақын еді. Алайда 90+3-минутта Мохаммед Фусейни гол соғып, «Дерби Каунтиді» жеңілістен құтқарды.

Чемпионшип, 8-тур
«Бернли» - «Дерби Каунти» - 1:1
Голдар
: Амдуни, 34 - Фусейни, 90+3.

Сәтпаев бұл кездесудің өтініміне енген жоқ. Қазақстандық шабуылшы 2 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы матчта алған жарақатынан әлі айығып жатыр. Сол ойында Дастан негізгі құрамда алаңға шығып, 81 минут ойнады. Ауыстырылар алдында ол санының артқы тұсынан жайсыздық сезінді. Матчты соңына дейін өткізе алмағанына қарамастан, Сәтпаев «Бернлидің» сол кездесудегі үздік ойыншысы атанды.

Ойыннан кейін бас бапкер Ники Хайен бастапқыда футболшының аяғы құрысып қалған болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда кейінгі медициналық тексеру тізе асты сіңірінің зақымданғанын көрсетті. Кейін бапкер 18 жастағы шабуылшының бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайтынын мәлімдеді.

Жарақатына байланысты Дастан «Бернлидің» «Бристоль Сити», «Рексем», «Суонси» және енді «Дерби Каунтиге» қарсы матчтарын өткізіп алды. Бұл жағдай Қазақстан құрамасындағы жоспарына да әсер етті. Сәтпаев ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енгенімен, Ұлттар лигасының алдағы ойындарына арналған соңғы өтінімге кірмеді.

Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Фарер аралдарымен, 29 қыркүйекте Словакиямен, 2 қазанда Молдовамен кездеседі. Ал 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы тағы бір матч өткізеді.

Жарақат алғанға дейін Сәтпаев Чемпионшипте үш, Англия лигасының кубогында бір матч өткізіп үлгерді. Оның алаңға соңғы рет шыққан ойыны - «Мидлсброға» қарсы кездесу. Содан бері қазақстандық футболшы «Бернлидің» матчтық өтініміне оралған жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie